Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұндай жұмыс 1 773 алматылық үй жанындағы дүкенде жүргізілді, бұл жалпы санның жартысына жуығын құрайды. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында әкімнің орынбасары Мақсат Қиқымов айтты.
Алматыда барлығы 3 583 В, С класты азық-түлік дүкені жұмыс істейді: Алатау ауданында – 500 дүкен, Алмалы ауданында – 395, Әуезов ауданында – 605, Бостандық ауданында – 488, Жетісу ауданында – 400, Медеу ауданында – 325, Наурызбай ауданында – 350, Түрксіб ауданында – 525 дүкен.
Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасын орындай отырып, қала әкімдігі аудандық әкімдіктермен және «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен бірлесіп күн сайын «үй жанындағы» 1 773 дүкенде ӘМАТ бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша мониторинг жүргізеді, бұл жалпы санының жартысына жуығын құрайды.
Мониторинг қорытындысы бойынша 7 ауданның (Түрксіб ауданынан басқа) 61 дүкенінде ӘМАТ бағасының негізсіз өсу фактілері анықталды.
М. Қиқымовтың айтуынша, профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде азық-түлік тауарларының келесі түрлерінің бағасы төмендеді: күнбағыс майы 15%-ға (920-дан 780 тг/л); сүт өнімдері 5%-ға (айран 315-тен 300 тг/л, сүт 295-тен 280 тг/л); әлеуметтік нан 10%-ға (100-ден 90 тг/л); 1 сұрыпты ұн 10,2%-ға (245-тен 220 тг/кг-ға дейін); 6,2% (490-дан 460 тг/ондыққа дейін); қант 5,7%-ға (350-ден 330 тг/кг-ға дейін).
Қалған 1 810 дүкен бойынша жұмыс ағымдағы жылдың қаңтар айының соңына дейін жүргізіледі, мониторинг бойынша жұмыс тұрақты негізде жалғасады.