Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі, Телемедицина орталығының басшысы Лаура Мырзағали айтты.
Сәуір айында Алматы қаласына 460 мыңнан астам вакцина жеткізілмек.
Бүгін таңертеңгі ахуал бойынша 585 коронавирустық жағдай тіркелді. Мұның ішінде 490-ы симптомдармен, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен, 95-і симптомдарсыз. Бірақ бұл көрсеткіш деңгейі тәуліктің соңына дейін өзгеруі мүмкін. 3146 адам эпидемиологиялық бөлімшелерде дәрігерлердің қарауында емделуде. Бір тәулікте 309 адам емдеуге жатқызылды. Таңғы 7-де 1800 бос орын болды. Біз пациенттерді жағдайының ауырлық деңгейіне қарай емдеуге жатқызамыз. Коронавирустың жеңіл түрімен ауырып жатқан азаматшалар үйде емделеді. 5251 азамат арнайы қадағалауда. Әр азаматты дәрігер назарынан тыс қалдырмаймыз. Өйткені Covid-19 жағдайында пациенттің жағдайы тез өзгереіп отырады, - деді Лаура Мырзағали.
2 сәуірде Алматы қаласына 304 900 вакцина дозасы келді. Қала тұрғындарына вакцина салу жұмыстары жалғасуда.
Вакцинаның екінші компонентін салдырмаса, адамда толық иммунитет қалыптаспайды. 41 549 адам вакцина салдырған. Екінші компонентті егу 24 наурызда басталды, - деді Лаура Мырзағали.