Алматыда 30 желтоқсанда үйінен шығып, бір апта іздеуде болған 14 жастағы жасөспірім табылды. Бұл туралы "Қоғам" жасағы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2025 жылғы 30 желтоқсанда 2011 жылы туған жасөспірім Есенов көшесіндегі үйінен белгісіз бағытқа шығып, үйіне қайтып оралмаған. Бір апта бойы жоғалғандар тізімінде болды. Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың жоғалу дерегі бойынша іздестіру ісін қозғады.
Табылды!!! Тірі!!! Жетісу ауданы полиция басқармасының КПБ қызметкерлері, Алматы қалалық полиция департаменті, «Қоғам» жасағы, еріктілер мен туыстарының бірлескен іздестіру жұмыстарының нәтижесінде табылды. Хабар-ошарсыз кеткен Тигран есімді баланы іздеуге «Қоғам» жасағының мүшелері, полиция қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер мен бейжай қарамаған азаматтар жұмылдырылды. Шет қалмай көмектескен әрбір жанға шынайы алғыс білдіреді. Тек бірлескен күш-жігер мен ауызбіршіліктің арқасында ауқымды іздестіру жұмыстарын жүргізу мүмкін болды. Адамгершілік пен бірлік үшін баршаңызға рахмет", – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 14 жасар жасөспірім бір аптадан бері табылмай жатқанын хабарлаған болатынбыз.
Сондай-ақ, Атырау облысында бір отбасының 4 адамы іздестірілуде.