Алматыда бес ірі зауыт салынады

5 Қараша 2021, 13:18
1380
Бөлісу:
Алматыда бес ірі зауыт салынады

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда инвестиция көлемі 15,4 млрд теңге болатын бес ірі зауыт салынады. Бұл туралы LS порталы хабарлады.

Қала әкімдігінің мәліметінше, зауыттың құрылыс жұмыстары биыл басталып кеткен. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында 11,1 млрд теңге болатын фармацевтикалық жоба жүзеге асырылады. Келесі жылы ол жерде қазіргі заманғы дәрі-дәрмектерді шығаратын биофармацевтикалық кешен іске қосылады. Аталған мекеме 231 адамды жұмыспен қамтиды.

Алматыда сондай-ақ, арматуралық тор өндіретін, кварц агломераттары және профильді құбыр өндіретін зауыт тұрғызылады.

Қазір зауыттың екінші қабатын тұрғызылып жатыр. Жер учаскесін жобалау жұмыстары аяқталды. Инженерлік желіні төсеу жұмыстары басталды,-дейді әкімдіктегілер.

Аталған мекеме 2024 жылы іске қосылады және 100 адамды жұмыспен қамтиды.

Үшінші ірі жоба – газобетон блоктарын шығаратын зауыт. Оған 1,24 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл зауыт 2022 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Төртінші жоба – төмен вольтты жүйеге арналған электр жабдықтарын шығаратын зауыт. 800 миллион теңге тартылған бұл зауыт келесі жылы аяқталып, іске қосылады.

Бесінші ірі жоба – бояулар мен лактар өндіретін зауыт. Ол 2023 жылы іске қосылады. 800 млн теңге тартылған зауыттың қазір ірге тасы қаланып жатыр. Бұл мекеме 120 адамды жұмыспен қамтиды.

Өзгелердің жаңалығы