Алматыда белгілі дәрігерді атып кетті. Қылмыстың себебі анықталып жатыр

4 Сәуір 2022, 17:00
2349
Бөлісу:
Алматыда белгілі дәрігерді атып кетті. Қылмыстың себебі анықталып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматыда ер адамды атып кеткен болатын. Қайғылы оқиғадан қаза болған адамның кім екені анықталды деп хабарлайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі. 

Аса ауыр қылмыстың құрбаны – дәрігер-гастроэнтеролог Юрий Шумков екені белгілі болды. Ол қаладағы медициналық мекемелердің бірінде жұмыс істеген. Полиция болжамдарының бірі бойынша қылмысты оның пациенттерінің бірі жасаған болуы мүмкін. 

Еске сала кетейік, бұған дейін мегаполистегі Бостандық ауданында 47 жастағы ер адамды аңшылық мылтықпен белгісіз біреу атып өлтіргені туралы жазған болатынбыз. Күдікті қалада енгізілген «Перехват» арнайы жоспар барысында Алматы қаласы Алатау ауданы аумағында ұсталды. Одан қылмыстық қару тәркіленді. 

Өзгелердің жаңалығы