Алматыда базар өртеніп жатыр

Бөлісу:
Алматыда базар өртеніп жатыр
Фото: скриншот

Қаладағы “Мизам” базарын жалын шарпып, ТЖД люстралар сақталған екі қабатты қоймадағы өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі түсінік берді.

Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Алатау ауданы, солтүстік айналма, 78 мекенжайы бойынша люстралар сақталған екі қабатты қоймадағы өртті сөндіріп жатыр. Кеш хабарлау салдарынан жалын тез тарап жатыр. Өртті сөндіру қоймада тұтанғыш заттардың көп болуына байланысты қиындық тудырып жатыр,- дейді Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы