Алматыда бәйшешек гүлдеді

Нәзік ақ гүлдердің кадрларын ботаникалық бақ қызметкерлері жариялады.

 видеодан алынған кадр 16 Ақпан 2026, 17:12
16 Ақпан 2026, 17:12
908
Фото: видеодан алынған кадр

Алматы ботаникалық бағында галантус гүлдері ашылды. Бұл – халық арасында көбіне бәйшешек деп аталатын ең алғашқы көктем гүлдерінің бірі. Қазір бақ аумағында олардың гүлдеуі ең жоғары деңгейге жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Нәзік ақ гүлдер бейнеленген кадрларды ботаникалық бақтың қызметкерлері Instagram желісінде бөлісті. Мамандардың айтуынша, галантустар көктемнің жақындағанын білдіретін дәстүрлі символ саналады – олар өткен жылдың жапырақтарын жарып, ең алғашқылардың бірі болып бой көрсетеді.

Бақ қызметкерлерінің сөзінше, жекелеген гүлдер қаңтар айында-ақ байқалған, алайда жаппай гүлдеу тек ақпан айының ортасында басталған.

Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарына бәйшешектерге ұқыппен қарау жөнінде үндеу жасалды: көгалдар мен алаңқайларға шықпау, ең бастысы – гүлдерді жұлмау керек, өйткені олар өте нәзік әрі тез зақымданады.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх