Алматыда байқауға қатысқан павлодарлық балалар уланып қалды

13 Шілде 2022, 16:30
1790
Бөлісу:
Алматыда байқауға қатысқан павлодарлық балалар уланып қалды

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда өткен халықаралық байқауға қатысқан би ансамблінің қатысушылары уланып қалды. Қазіргі уақытта жеткіншектердің жағдайы тұрақты.

Ақсу қаласының «Кавказ ансамблі» оңтүстік астанада өткен байқауға қатысқан. Бірнеше күн бұрын «Түркістан» қонақүйіне қоныстанған. 

Ақсу қалалық білім беру бөлімінің басшысы Қайрат Смағұловтың айтуынша, қонақүйде химиялық өңдеу жүргізілгендіктен, жас өнерпаздар уланып қалған.

Химиялық өңдеу барысында 13, 12, 8 және 14 жастағы балалар уланды. Қазіргі уақытта ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайлары орташа деңгейде. Бүгін балалар сараптама тапсырады. Нәтижелері негізінде ауруханадан шығарылуы мүмкін. Ол жағын мамандар шешеді, - дейді Қайрат Смағұлов. 

Айта кетейік, ақсулық ансамбльдің құрамында 8-14 жас аралығында 19 бала бар. Олардың төртеуі зардап шекті. Олардың ата-аналары Алматыға барып, қазіргі уақытта балаларының жанында. Қалған 11 қатысушы басқа қонақүйге қоныстандырылды. Тағы екі өнерпаз ересектердің көмегімен Павлодарға оралды.

Білім беру саласы мамандарының хабарлауынша, зардап шеккендер тұрақты байланыс орнаған. Бұл жағдай жауапты мамандардың жіті бақылауында. 

Өзгелердің жаңалығы