Алматыда соңғы жеті жылда алғаш рет байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық ең төмен деңгейге дейін қысқарды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бірінші несие бюросының мәліметінше, 2017 жылдан бергі ең төменгі алшақтық деңгейі тіркелді.
2025 жылдың І тоқсанында қаланың ең ауқатты 10% тұрғындарының жиынтық табысы ең кедей 10% табысынан 5,7 есе жоғары болды. Яғни, қарапайым тілмен айтқанда, алғашқы ондықтағы адамдар екінші ондықтағы адамдарға қарағанда 5,7 есе жақсы өмір сүрді, – деп хабарлады бюро.
Бағалау кезінде нақты табыстан гөрі тұтыну шығындарына көбірек мән беріледі. Олар әл-ауқатты өлшеудің сенімді көрсеткіші болып саналады. Яғни адам неғұрлым көп жұмсаса, соғұрлым оның табысы жоғары деген түсінік бар. Осылайша, "кедейлер" тобына ең аз қаражат жұмсайтындар, ал "байлар" тобына ең көп тұтынатындар кіреді.
Бұны Джини коэффициенті бойынша да байқауға болады. Осы жылдың басында ол 0,279-ды құрады, бұл соңғы жеті жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 0,311 болып, Алматыны елдегі ең "алшақтық айырмасы көп" қалалардың бірі еткен еді.
Жан басына шаққандағы есеп бойынша, ең кедей алматылықтардың орташа шығындары 8%-ға өсіп, айына 47,5 мың теңгеге жетті. Ал ең байлардың шығындары, керісінше номиналды түрде де азайып, 306,8 мың теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 7%-ға төмен.
Сондай-ақ ең ауқатты алматылықтардың қазіргі шығындары соңғытекіл жылда жиналған 20% инфляцияға қарамастан, 2023 жылғы деңгейге қайта түсті. Бұл бұрын қаражат көбірек жұмсаған адамдардың өзінде сақтықтың артқанын көрсетеді.