Алматы қаласында ер адам балаларға шалбарын шешіп, жыныс мүшесін көрсеткені жайлы бейнеролик таралады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Тұрғындардың пікірінше, Розыбакиев пен Сәтбаев көшелерінің қиылысында белгісіз біреу балалардың көзінше шалбарын шешкен. Әсіресе, ойын алаңындағы қыздардың алдында шалбарын шешуге тырысқан. Тұрғындар ер адамды ұстап, кім екендігін анықтаған.
Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласы полиция департаменті түсініктеме берді.
1996 жылы туған А. есімді азаматқа қатысты әкімшілік шара қолданылып, оған қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігімен "Ұсақ бұзақылық" бойынша хаттама толтырылды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, - делінген хабарламада.
Видео: Kris_p_almaty