Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда балаларды тонаған ұры ұсталды

24 Наурыз 2022, 18:40
1691
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ. Алматы Полиция департаменті балалардың телефонын ұрлаған Алматы облысының тумасын ұстағандарын мәлімдеді.

Ол көбінесе әйелдер мен мектеп оқушыларының қалтасын қаққан.

Қоғамдық көліктегі ұрлықтың алдын алу бойынша іс-шара барысында біздің бөлімше қызметкерлері қалалық криминалдық полициядағы әріптестерінің көмегімен қоғамдық көлік бағыттарының бірінде 33 жастағы Д.есімді азаматты ұстады. Қаскөй баланың қалтасынан смартфонды ұрлап кеткен. Мобильді құрылғы тәркіленіп, оқушының ата-анасына қайтарылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды, – деп хабарлады Медеу аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.

Қазір күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарды жасауға қатысы бар-жоғы анықталуда. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.
 

Өзгелердің жаңалығы