Алматыда балалар үйінің 65 тәрбиеленушісі сурет байқауында бақ сынасты

6 Маусым 2023, 14:31
1423
Бөлісу:
Алматыда балалар үйінің 65 тәрбиеленушісі сурет байқауында бақ сынасты
Фото: Алматы қалалық экология департаменті

Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында «Таза болса табиғат - аман болар адамзат» атты көркем сурет байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталмыш байқауға 65 бала қатысып, шеберліктерін шыңдады. Байқауды Алматы қалалық экология департаменті мен Алматы қаласы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментімен бірлесіп ұйымдастырды.

Сарапшылар байқауға қатысушылардың жас ерекшелігін, тақырыпты ашуын, сурет салу техникасын, сурет салу қабілетін жан-жақты талқылады. Осылайша, 5-тен 12-ге дейін және 13-тен 17 жасқа дейінгі кіші және аға топтардың жеңімпаздары анықталды.

Алматыда балалар үйінің 65 тәрбиеленушісі сурет байқауында бақ сынасты

Қолдау білдірген компаниялардың арқасында 65 баланың барлығына сыйлықтар табысталды. Оқушылардың салған суреттері көңілімізден шықты. Тіпті, кейбір жұмысынан ой түюге болады. «Бала тәрбиесі ұлт таңдамайды, тәрбие барлық ұлтқа қызмет етеді» демекші осындай іс-шараларды ұйымдастыруды жөн санадық. Салған суреттерінен табиғатымыздың қандай көркем әрі ерекше екенін байқауға болады. Балалардың табиғатқа жанашырлық танытып, қамқор болғанына қуаныштымыз, – дейді Экология департаменті жанындағы жастардың экологиялық бастамалары кеңесінің төрағасы Әділ Нүрпейсов.

Оқушылар, өз туындыларында құстар мен табиғатты әсем бейнелеп, бір ғана суретпен жүрекке жеткізе білген. Байқауға қатысқан балалардың еңбектері еленіп, барлық балаға алғыс хаттар табысталды.

Өзгелердің жаңалығы