Алматыда балалар арасында өрт-құтқару спорты бойынша чемпиондар анықталды

Бүгiн, 14:03
124
Бөлісу:
Алматыда балалар арасында өрт-құтқару спорты бойынша чемпиондар анықталды
Фото: gov.kz

Алматыда ұлдар мен қыздар арасында өрт-құтқару спорты бойынша алғашқы чемпиондар анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Чемпионаттың ашылу бағдарламасында ең креативті бағыттың соңғы бөлігі, яғни оқу мұнарасының 2 және 3 қабаттарының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу қарастырылған. (Қыздар үшін - 2-қабаттың терезесі).

Командалық есепте қыздар арасында да, ұлдар арасында да Ресей Федерациясының өкілдері көш бастады, екінші орын Беларусь өкілдерінде, үшінші орынды Қазақстаннан келген жас спортшылар алды.

Қыздар мен жасөспірімдер қыздар арасындағы командалық біріншілікте:

I орын-Ресей Федерациясының құрама командасы;

II орын-Беларус Республикасының құрама командасы;

III орын-Қазақстан Республикасының құрама командасы;

IV орын - Словакия Республикасының құрама командасы;

V орын-Болгария Республикасының құрама командасы.

Жалпы командалық есепте ұлдар мен жасөспірім ұлдар арасындағы командалық біріншілікте:

I орын-Ресей Федерациясының құрама командасы;

II орын-Беларусь Республикасының құрама командасы;

III орын-Қазақстан Республикасының құрама командасы;

IV орын - Словакия Республикасының құрама командасы

V орын-Чех Республикасының құрама командасы.

Жасы кіші қыздар тобындағы финалдық жарыстардың нәтижелері бойынша жүлделі орындарды Ресей мен Қазақстан өкілдері өзара бөлісті:

I орын-Булыгина Валерия (RU) – нәтижесі 7,85 секунд;

II орын - Бунякина Анастасия (KZ) - нәтижесі 7,94 секунд;

III орын-Быкова Полина (RU) - нәтижесі 8,18 секунд.
 

Өзгелердің жаңалығы