Алматыда балаға күш көрсеткен ер адамның үстінен іс қозғалды

31 Шілде 2024, 10:35
688
Бөлісу:
Алматыда балаға күш көрсеткен ер адамның үстінен іс қозғалды
Фото: Видеодан скриншот

Ер адам ойын алаңында ойнап жүрген 9 жасар балаған шабуыл жасаған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы баланың анасы әлеуметтік желілерде айтып, ер адамның жазаға тартылуын талап етті.

Балам досымен ойнап, бір-біріне күресу әдіс-тәсілдерін көрсетіп жатты. Сол кезде баламның қасына тағы бір бала келіп, бірдеңе деді, менің ұлым оған қолының ұшын да тигізбеген. Содан кейін әкесі баламды тұншықтырып өлтіре жаздаған,- деді баланың анасы.

Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

Алған жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы