Алматыда бағдаршамдар қоғамдық көлікке басымдық береді

6 Желтоқсан 2023, 18:46
663
Бөлісу:
Алматыда бағдаршамдар қоғамдық көлікке басымдық береді
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыдағы бағдаршамдар қоғамдық көлікке басымдық беретіндей жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі таңда маршруттық желілерді оңтайландыру, автобустар мен троллейбустар үшін толыққанды инфрақұрылым құру, сонымен қатар, қарбалас уақытта қоғамдық көліктің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мәселесі ерекше назар аударуды талап етеді. Бұл туралы Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев мәлімдеді.

Бағдаршамды қоғамдық көлікке басымдық беретіндей етіп жасаймыз. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін реттелетін жаяу жүргіншілер өткелдерін жабдықтаймыз. Белгілі бір ұзындықтағы автобустарды шығарамыз. Бұл жаяу жүргіншілер аймағын, тротуарларды толығымен өзгертеді, жаңа аялдамалар пайда болады. Жол тарылған жерде БРТ жолдың ортасымен өтеді, содан кейін ол шеткі жолақтармен де жүреді. 2024 жылдың екінші жартыжылдығында құрылыс-монтаж жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз, - деді қалалық мобильділік басқармасының басшысы.

Өзгелердің жаңалығы