Алматыда азық-түлік дүкені өртенді

Бүгiн, 05:10
146
Бөлісу:
Алматыда азық-түлік дүкені өртенді
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Алматылық құтқарушылар өрттің таралуына жол бермеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Наурызбай ауданында Жуалы көшесінде орналасқан 2 қабатты ғимараттың екінші қабатында азық-түлік дүкені өртенген.

Өрт сөндіру жасақтары келген кезде азық-түлік дүкені ашық жалынмен жанып жатты. Жанында тұрған құрылыстарға өрттің таралу қаупі болды, - деп атап өтті ведомстводан.

Өрт сөндірушілер өрттің таралуына жол бермей, 40 шаршы метр алаңдағы өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы