Желіде мемлекеттік нөмірі жоқ және жыпылықтайтын шамдары орнатылған жеңіл автокөліктің Есентай өзенінің арнасына кіріп кеткен сәті түсірілген видео тарады. Полиция тексеріс бастады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, мұндай әрекеттер өз алдына-ақ құқық бұзушылық болып саналады.
Бұл факті бойынша жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр. Жүргізуші бірден бірнеше өрескел құқық бұзушылық үшін жауап береді.
Жаза бұлтармау қағидаты негізінде қатаң әрекет етеміз. Қауіпсіздікке қатер төндіретін құқық бұзушылықтарға жол берілмейді және олар тоқтатылады. Жүргізуші анықталған барлық эпизодтар бойынша жауапкершілікке тартылады. Алматы полициясы мұндай фактілерге жүйелі түрде әрекет етеді және қала тұрғындарын Заң мен жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады, – деді Алматы қаласы жергілікті полиция қызметі басқарма басшысының орынбасары Тимур Ноғайбаев.