Алматыда 14 наурыздан бастап №126 бағытта "Қайырбеков/Жібек жолы – Диспетчерлік пункт" бойынша жүретін автобустар жаңартылып, жылжымалы бірліктер саны артты. Бұл туралы BAQ.KZ Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Мәселен, жүйелілікті қамтамасыз ету және жоспарланған интервалды 20 минуттан 6 минутқа дейін қысқарту мақсатында қалалық мобильділік басқармасы 8 автобустың орнына 25 автобус шығару туралы шешім қабылдады.
Golden Dragon маркалы 12 метрлік жаңа автобустар заманауи құрылғылармен жабдықталған, оның ішінде кондиционер, бейнебақылау жүйелері және телефондарды зарядтауға арналған USB қосқышта бар. Сонымен қатар, салон алдағы және келесі аялдамаларды көрсететін ақпараттық дисплеймен жабдықталған.
Бұл ретте босатылған автобустар басқа бағыттарды күшейтуге және "АлматыЭлектроТранс" автопаркінің резервтік құрамына жіберіледі.