Алматыда автобус жүргізушісі адамды басып кете жаздады

17 Сәуір 2024, 15:36
12923
Бөлісу:
Алматыда автобус жүргізушісі адамды басып кете жаздады
Фото: Видеодан скрин

Алматыда Абай мен Саин көшелерінің қиылысында автобус жүргізушісі мен жаяу жүргіншінің арасында жанжал болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде жанжалдың бейнеролигі тарады. Онда Саин бойындағы автобустар Абай бойымен қозғалған көліктерді өткізбегені айтылады. 

 Жауын-шашынға байланысты Саин мен Абай көшелерінің қиылысында бағдаршам жұмыс істемей қалды. Саин бойындағы автобус Абай бойымен қозғалған көліктерді өткізбеді. Ер адам жол жиегіне шығып, автобусқа жол беруін өтінген еді, автобус жүргісуішісі оны басып кете жаздап, сөзге келген, – делінген бейнероликте.

Аталған жағдайға Алматы қаласының Полиция департаменті түсінік берді. 

Автобус жүргізушісіне қатысты ЖҚЕ жол қиылыстарынан өтудің басым құқығын пайдаланатын көлікке жол беру талабын орындамағаны үшін (594 - бап, 2-бөлігі) және қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін сақтамағаны үшін (593-бап, 2-бөлігі) жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады Алматы полициясы.

Өзгелердің жаңалығы