Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда автобус электросамокаттағы қыздарды қағып кетті: видео пайда болды

Нұрқанат Атажан
5 Қыркүйек 2025, 14:04
1137
Бөлісу:
 видеодан скриншот
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

Желіде автобус екі қызды қағып кеткен сәттің видеосы тарады. Олар электросамокатпен жүріп, жолды кесіп өткен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 3 қыркүйекте Алматының Алмалы ауданында болған. Бұған дейін полиция департаменті хабарлағандай, автобус жүргізушісі Мақатаев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Уәлиханов көшесі бойымен солтүстікке қарай жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан екі қызды қағып кеткен.

Оқиға салдарынан 2008 жылы туған екі қыз жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

Балаларға шұғыл медициналық жәрдем көрсету орталығы директорының орынбасары Құрмет Тоқтаровтың айтуынша, 5 қыркүйектегі жағдай бойынша зардап шеккен жасөспірімдердің денсаулығы орташа ауырлық дәрежесінде деп бағалануда. Оларға толық көлемде медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Еске салайық, Алматыда электроскутер мінген 17 жастағы екі қызды автобус қағып кеткенін жазған едік. 

Өзгелердің жаңалығы