Алматыда автобус бақылаушысына пышақ ала жүгірген ер адам ұсталды

Бөлісу:
Алматыда автобус бақылаушысына пышақ ала жүгірген ер адам ұсталды
Фото: Видеодан скрин

Оқиға Наурызбай ауданында болған. Полиция қызметкерлері қоғамдық көліктің бақылаушысына пышақпен шабуыл жасаған 38 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қоғамдық көліктің бірінің бақылаушысы өтіп бара жатқан адамға белгіленбеген жерде темекі шекпеу туралы ескерту айтқан, салдарынан ер адамдар арасында жанжал шыққан.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Қылмыс қоғамдық көліктің соңғы аялдамасында орын алды. Қоғамдық көліктің бірінің бақылаушысы өтіп бара жатқан адамға белгіленбеген жерде темекі шекпеу туралы ескерту айтқан, салдарынан ер адамдар арасында жанжал шыққан. Содан кейін өтіп бара жатқан адам автобусқа жүгіріп кіріп, қарсыласын пышақтап кеткен. «Жедел жәрдем» бригадасы қоғамдық көліктің бақылаушысын шұғыл түрде ауруханаға жеткізді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті «ізін суытпай» ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық қару - асхана пышағы тәркіленді, - деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов. 
 

Өзгелердің жаңалығы