Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Әуезов ауданының өрт сөндірушілері жиһаз цехы мен автокөлік бөлшектері бар қойманы өрттен қорғап қалды.
Бүгін сағат 13.55 кезінде Өтеген батыр көшесі 15 А мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарланған.
Хабар алысымен өрт сөндіру көліктері жоғары деңгейде жіберілді. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері 4 минуттың ішінде жетті. Олар келгенде екі қабатты ғимараттың бірінші қабатында автобөлшектер мен сөрелер орналасқан бокс өртеніп жатқанын анықтады. Өрт шыққан ғимарат ішіндегі жоғары жанғыш жүктемеден зиянды жану өнімдерінің үлкен концентрациясы бар қою түтін пайда болды. Газ-түтіннен қорғау қызметі жылу түсіргіштің көмегімен өрт ошағын анықтау үшін барлау жүргізді, - делінген хабарламада.
Қабылданған шаралар бойынша қызыл жалын 25 минуттың ішінде ауыздықталып, 14 сағат 42 минутта толықтай сөндірілген. Өрттің ғимараттың екінші қабатындағы жиһаз цехы мен автокөлік бөлшектері бар қоймаларға таралуына жол берілмеді.