Алматыда «Қала күнін» мерекелеу шеңберінде 16-17 қыркүйекте сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін кеңейтілген ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оған Алматы облысы мен Қонаев қаласы 9 ауданының шаруашылық қожалықтары қатысады. Жәрмеңкеде өнімнің шамамен 50 атауы (ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімі, ұн, жармалар, өсімдік және мал майлары, т.с.с.) ұсынылатын болады.
Жәрмеңкеге барлығы 200 тонна ауылшаруашылығы өнімі, оның ішінде, 30 тонна – ет, 130 тонна – жеміс-көкөніс, 15 тонна – сүт, 10 тонна – балық, 15 тонна – өзге де өнім әкелінеді.
Алматының Сәтбаев көшесі бойымен Достық даңғылы және Уәлиханов көшесі арасындағы учаскеде ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке кезінде Сәтбаев көшенің осы учаскесінде көлік қозғалысы жабылады.