Алматыда Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының шаруа қожалықтарының жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жәрмеңкеде өнімнің 50-ден астам түрі бар. Өнімнің жалпы көлемі – 168 тонна, оның ішінде:
* ет өнімдері - 40 тонна,
* жеміс-көкөніс өнімдері - 30 тонна,
* сүт өнімдері - 20 тонна,
* балық өнімдері - 13 тонна,
* бал - 40 тонна;
* басқа өнімдер - 25 тонна.
Жәрмеңке тағы сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі уақытта өтеді.