Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы Түрксіб аудандық соты аталған ауданның Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Нұржан Нұрташевқа және «Хозу-Алматы» ЖШС-нің бас директоры Бирюковке қатысты істі қарады.
Нұрташев пара алу үшін жеке компания басшыларынан бірнеше рет бопсалады деп айыпталған болатын.
Нұрташев «Хозу-Алматы» ЖШС бас директоры Бирюковтің коммерциялық әрекетіне қорғаншылық жасау мақсатында 20 мың теңге сомасында пара алған. Сондай-ақ тағы бір жеке компаниядан өртке қарсы қауіпсіздік шараларының сақталмауына қатысты 840 000 теңге алған, - деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Сот Нұрташевті жеті жылға бас бостандығынан айырды. Бирюков бір жыл колонияда жазасын өтейді. Оған қоса, сотталушылар өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.