Алматыда ауа райына байланысты екі аудан жарықсыз қалды

7 Сәуір 2025, 22:23
396
Бөлісу:
Алматыда ауа райына байланысты екі аудан жарықсыз қалды
Фото: freepik

Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты екі аудан жарықсыз қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін, 7 сәуірде Алматыда найзағай мен желдің күшеюімен бірге болған қолайсыз ауа райының салдарынан АЖК желілерінде электр энергиясының жеті апаттық ажыратылуы тіркелді.

«Наурызбай ауданындағы Ақжар, Карьер, Ақсай шатқалы және Тау Жолы шағын аудандарында бес апаттық оқиға тіркелді. 176 трансформаторлық қосалқы станция мен 1865 тұтынушы уақытша жарықсыз қалды. Бостандық ауданындағы Нұр-Алатау ауданында екі ажырату орын алды, онда 11 трансформаторлық қосалқы станция және 111 тұтынушы жарықсыз қалды», - делінген хабарламада.

Компания барлық апаттық сөндірулер регламентке сәйкес қысқа мерзімде жойылатынына сендірді.

Компания бригадалары электр энергиясын беруді жедел қалпына келтіру үшін күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.

Өзгелердің жаңалығы