Алматыда атақты «Құнанбай» спектаклі сахналанды

Бөлісу:
Алматыда атақты «Құнанбай» спектаклі сахналанды
Фото: Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры гастрольдік сапармен Алматыға келді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматыға қаласына гасторльдік сапармен ұзақ уақыттан бері енді келіп жатырмыз. Былтыр жолымыз түсей кетті. Биыл қала тұрғындары мен қонақтарына жаңа спектакльдерді ала келдік. Арасында эксперименталды жаңа қойылымдарымыз да бар. Осы бір аптаның ішінде көрермендердің көңілін бір сергітіп қайтамыз деген үміттемін, – дейді театрдың көркемдік жетекшісі Қуандық Қыстықбай.

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері Қуандық Қыстықбай спектакльдерге тоқталды.

Алматыда атақты «Құнанбай» спектаклі сахналанды

Соңғы уақытта «Ана-жер ана» трагедиясы жоқ, дегенмен басқа қойылымдар жүріп жатыр. Әзекеңнің көзі деп «Ғасырдан да ұзақ түн» де сақталып тұр. Ол сақталып қана қоймай, 2 айда бір сомдалуда. Гүлжан апа да 80 жастан асып бара жатса да өзінің рөльдерін тамаша деңгейде ойнап жүр. Қаншама жыл өтседе спектакльдер алтын қорымызда сақталып, ұрпақ сабақтастығы арқылы жүріп жатады. Кей сепектльдер жаңа ғимартқа көшкендіктен сахнаға икемделінбеді. Бірақ ол оқылықтарды да орнын толтырып жатырмыз», – деді ол.

«Әдеби және ғылыми-қор» бөлімінің басшысы, ҚР «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Мирас Әбілдің айтуынша, спектальдер сыншылармен, драматургтермен ақылдасып саханалады.

Біз көркемдік кеңестің талқысынан өткен қойылымдарды ұсынамыз. Біздегі қойылымдардың премьрасынан кейін журналистер спектакльді сынап, кемшіл тұстарды көрсетіп жазады. Ал басқа қалаларда мұндай әсте байқалмайды. Біздің ойымызша сыншылармен жұмыс істеу арқылы көрерменнің көңілінен шығатын қойылымдарды дүниеге әкелуге болады, – дейді Мирас Әбіл.

Осыдан кейін Қаллеки театры Алматы көрермендеріне «Құнанбай» спектаклін ұсынды. Бұл қойылымның басқа спектакльдерден ерекшелігі, мұнда қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, ұлттық болмыс бітімін кеңінен аңғаруға болады. Қойылымда билік пен халық арасындағы қарым-қатынас, адам құқығы жайлы әлеуметтік мәселелер көтерілген.

Алматыда атақты «Құнанбай» спектаклі сахналанды

Театрланған Құнанбай бейнесі Таласбек Әсемқұлов сценарийін жазған Досхан Жолжақсыновтың кинотуындысындағы бейнемен үйлеседі. Қаллеки театры Алматыдағы көремендерге өз репертуарындағы үздік қойылымдарды ұсынады. Атап айтқанда:

3 мамыр 18.30 «АЙМАН-ШОЛПАН» музыкалық комедиясы
3 мамыр 21.00 «ҰЙҚЫМ КЕЛМЕЙДІ» драмасы
4 мамыр 18.30 «АЛТАЙДАН АУҒАН ЕЛ» қойылымы
5 мамыр 18.30 үлкен сахнада «СЕН МАҒАН КЕРЕКСІҢ» трагикомедиясы
5 мамыр 18.30 кіші сахнада «ЛӘЙЛІ-МӘЖНҮН» поэмасы
6 мамыр 18.30 «БАЯН СҰЛУ - ҚОЗЫ КӨРПЕШ» музыкалық драмасы
7 мамыр 18.30 «ШӘМШІ» элегиясы 
7 мамыр 21.00 «ҰЙҚЫМ КЕЛМЕЙДІ» драмасы
8 мамыр 18.30 «БОПАЙ ХАНЫМ» таризи трагедиясы.

Өтетін орны: М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры (Алматы қаласы, Абай даңғылы, 103).

Өзгелердің жаңалығы