Алматыда Асқар Забикулин атындағы «Жас өрт сөндірушілер» клубы ашылды

13 Сәуір 2023, 12:47
835
Бөлісу:
Алматыда Асқар Забикулин атындағы «Жас өрт сөндірушілер» клубы ашылды
PHOTO
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

 Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында Астанадағы көпқабатты үйде орын алған өрт кезінде бірнеше адамның өмірін құтқарып қалған Асқар Забикулин атындағы «Жас өрт сөндірушілер» әскери-патриоттық клубының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, іс-шараға батырдың жұбайы, туыстары мен достары қатысты.

Әскери-патриоттық клубты ашудың мақсаты өскелең ұрпақты азаматтық-патриоттық тұрғысында тәрбиелеу болып табылады. Бүгінгі күннің батыры, I дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Асқар Серікұлы Забикулиннің батылдығы мен ерлігін таныстыра отырып, білім алушылардың туған халқына деген құрметі мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, мақтаныш пен патриоттық сезімдерін ояту, ұлттық рухта тәрбиелеу.

Алматыда Асқар Забикулин атындағы «Жас өрт сөндірушілер» клубы ашылды

Болашақта әскери-патриоттық клубты толыққанды бейінді сынып ретінде қалыптастыру жоспарлануда.

Салтанатты ашылу рәсімінде Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің құттықтауының бейнетрансляциясы жасалды. Министр өз құттықтауында Алматы облысы білім басқармасының қызметкерлеріне, Абай атындағы мектеп-гимназияның педагогикалық құрамына, ата-аналар ұжымы мен оқушыларға өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселелерінде атқарып отырған жұмыстары үшін зор алғысын білдіріп, жаңа табыстар мен жетістіктер тіледі, сондай-ақ балалардың еліміздің лайықты азаматтары атануына тілектестік білдірді. Бірқатар ұстаздар мен облыстық білім басқармасының лауазымдық тұлғаларына ТЖ министрінің алғыс хаттары табыс етілді.

Алматыда Асқар Забикулин атындағы «Жас өрт сөндірушілер» клубы ашылды

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы азаматтық қорғау генерал-майоры Нұрболат Дербісов, Алматы облысы білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар, қаза тапқан батырдың жұбайы Анель Забикулина, Ұйғыр ауданының құрметті азаматтары, зейнеткерлер Ызғарбек Бектұрсынов пен Ноғайбек Дәуренбеков сөз сөйледі.

Алматыда Асқар Забикулин атындағы «Жас өрт сөндірушілер» клубы ашылды

8 «А» сыныбының кураторы, алғашқы әскери дайындық оқытушысы Нұрлан Әубатыров өз сөзінде оқушыларды құттықтап, жас өрт сөндірушілердің бойында жоғары патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық сезімін, азаматтық борыш пен Отан мүддесін қорғау жөніндегі конституциялық міндеттерді орындауға дайындығын қалыптастыру бойынша барлық күш-жігерін жұмсайтынын атап өтті.

Іс-шара барысында 8 «А» сыныпты жас өрт сөндірушілері ант қабылдап, Асқар Забикулинге арналған «Даңқ бұрышының» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Құрметті қонақтар салтанатты түрде лента кесіп, гүл шоқтарын қойды.

 

Алматыда Асқар Забикулин атындағы «Жас өрт сөндірушілер» клубы ашылды

Бұдан әрі Алматы облысы ТЖД қызметкерлері иеліктегі бар өрт сөндіру техникасы мен өрт-құтқару жабдықтарын көрсетті. Балалар өрт сөндіру техникасы мен өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдерін үлкен ықыласпен зерделеп, сұрақтар қойды.

Сонымен қатар, «Жас өрт сөндірушілер» әскери-патриоттық клубының 8 «А» сынып оқушыларымен «Бейбіт күннің батыры» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Алматыда Асқар Забикулин атындағы «Жас өрт сөндірушілер» клубы ашылды

Жас өрт сөндірушілер мектепті бітіргеннен кейін нағыз патриот болып, адамдардың өмірін қорғауға атсалысады деп үміттенеміз.

Өзгелердің жаңалығы