Алматыда Құрлық әскерлері әскери оқу орнының курсанты көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
3 наурызда Құрлық әскерлері Әскери институтының қарауылдық постында 1-курс курсантының мәйіті табылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілді, - делінген ведомство хабарламасында.