Алматыда алтын контрабандасымен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

31 Наурыз 2021, 11:48
2181
Бөлісу:
Алматыда алтын контрабандасымен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Алматы, BAQ.KZ. Қылмыстық әрекетті Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері мен Алматы қаласы ҰҚКД бірлесіп тоқтатты.

Тергеу барысында зергерлік бұйымдарды сату саласындағы екі кәсіпкердің «Алматы-Анталия» әуе рейсі арқылы 68 млн теңгеге жалпы салмағы 3,1 кг бірнеше алтын құймаларын тасымалдауға тырысқаны анықталды. Экономикалық контрабандаға әуе компаниялардың бірінің екі қызметкері көмектескен, - делінген хабарламада.

Сот үкімімен айыпталушылар экономикалық контрабанданы алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Екі ұйымдастырушыға әрқайсысына 3,3 млн теңге айыппұл түрінде, екі сыбайласқа – 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, бостандығын 1 жыл мерзімге шектеу түрінде жаза тағайындалды.

Тәркіленген алтын мемлекет кірісіне жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы