Алматыда арықтарға су жіберілді

24 Шілде 2019, 03:25
1888
Бөлісу:
Алматыда арықтарға су жіберілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласындағы Әуезов, Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарының арықтарынан су аға бастады. 30 шілдеге дейін басқа аудандардың арықтарына су жіберу жұмыстары толық аяқталады.

Алматының Жасыл экономика басқармасынан хабарлағандай, қаланың арық жүйесі көпфункционалды, жауыннан қалған тоспа суларды ағызумен қатар суғару жүйесін де атқарады.

Аптап ыстык кезінде жайлы микроахуал қалыптастыру үшін кіші өзендерден қаланың арық желілеріне су жіберіледі.

Мысалы, Кіші Алматы өзенінен бас арық арқылы су Пушкин, Қонаев, Төлебаев, Назарбаев, Байсейітова, Абылай хан, Желтоқсан, Наурызбай батыр, Сейфуллин, Амангелді, Масанчы, Байтұрсынов, Шагабутдинов көшелеріндегі меридианды арық желісімен көлденең орналасқан көшелер бойымен аға бастайды.

Қаланың батыс бөлігіне су Үлкен Алматы өзенінің М-1 и М-2 каналдары арқылы Әл-Фараби даңғылын, Сайын, Жандосов, Жароков, Гагарин, Навои, Розыбакиев, Әуезов, Тимирязев, көшелері мен Алтынсарин даңғылын қамтып, әрі қарай арық желілері бойынша ағады.

Орталық мәдениет және демалыс паркі Жарбұлақ өзені арқылы суғарылады.


Өзгелердің жаңалығы