Алматыда АПВ-ға қарсы вакцинация 30 қыркүйекте басталады

25 Қыркүйек 2024, 15:08
386
Бөлісу:
Алматыда АПВ-ға қарсы вакцинация 30 қыркүйекте басталады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының вакцина қоймасында 16 900 доза мөлшерінде «Гардасил» вакцинасы бар, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлімдеді.

Ерікті жазбаша келісімі бар вакцинациялауға жататын 11, 12, 13 жастағы қыздардың тізімін дайындау бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Ата-аналарға адам папиллома вирусына қарсы вакцинацияның маңыздылығы туралы жадынама дайындалды. Алматы қаласында АПВ-ға қарсы вакцинация 30 қыркүйектен басталады. Егулерді қала мектептерінің медициналық кабинеттерінде егулерді жүргізуге рұқсаты баркөшпелі егу бригадаларының дайындалған медицина қызметкерлері жүргізеді, - деді Қасымхан Алпысбайұлы.

Ата-аналарға адам папиллома вирусына қарсы вакцинацияның маңыздылығы туралы жадынама дайындалған.

Өзгелердің жаңалығы