Алматыда анимация апталығы басталды

27 Қыркүйек 2023, 18:47
681
Бөлісу:
Алматыда анимация апталығы басталды
Фото: автордан

Алматыда «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі анимация деңгейін жаңа белеске көтеру үшін шеберлік сағаттарын өткізді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жас өнерпаздар анимация саласындағы жетекші мамандардан тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдады. 

Біздің спикерлер – өз саласында табысқа жеткен танымал тұлғалар. Олар өз білімдерін, тәжірибелерін жас мамандарға үйретуге дайын. Шеберлік сабақтары жастардың көкжиегін кеңейтуге көмектеседі. Сабақтың практикалық форматының арқасында тәлімгерлер теориялық білім алып қана қоймай, оны тікелей практикада қолдана алады. Мұнда тәлімгерлер өздерінің ойларын ортаға салып, қызықты тақырыптарды қозғай алады. Алдағы уақытта «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жанындағы «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі анимация саласын дамытуға арналған жұмыстарды жиілетпек, – дейді Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз хатшысы Аружан Танабек.

Іс-шара бағдарламасында жобаны әзірлеуден бастап оны халықаралық кино нарығында ілгерілетуге дейінгі әртүрлі тақырыптар қарастырылған.

Алматыда анимация апталығы басталды

Анимация саласында табысты еңбек еткен шетелдік мамандар дәріс беруге шақырылды. Сол себептен бұл дәріс жас режиссерларға таптырмас мүкіндік болары анық. Алғашқы дәріске сабақ беруге танымал түрік кинопродюсері, режиссер Нуруллах Ренхан шақырылды. Ал 2-6 қазан аралығында өтетін шеберлік сағатында поляк суретшісі және режиссері Виолетта Сова өз білгенімен бөліспек. 23-27 қазан аралығында «Маша мен аю», «Гора самоцветов» және «Простоквашино» жобаларымен танымал продюсерлер Елена Щичкина мен Елена Чернованың шеберлік сағаттары ұсынылады, – дейді Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз хатшысы Аружан Танабек.

Еске сала кетейік, «Қазақфильм» киностудиясында бұндай дәрістер алдағы уақытта да өткізілмек. 

Өзгелердің жаңалығы