Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда анасын өлтірген ер адам ұсталды

Нұрқанат Атажан
30 Қазан 2025, 13:41
662
Бөлісу:
 - архив
Фото: - архив

Алматыда әйел адамды өлтіріп кетті, күдікті – марқұмның ұлы, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

2025 жылғы 30 қазанда таңертең әлеуметтік желілерде Алматыдағы Дунаевский көшесіндегі үйде ұлы анасын өлтіргені жайлы ақпарат тарады.

Қанды оқиғаны қалалық Полиция департаменті растады.

Адам өлтіру фактісі бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті – 41 жастағы марқұмның ұлы, ол Психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған. Қазір ол ұсталды. Өзге мән-жайлар анықталуда, – деді полиция.

Өзгелердің жаңалығы