Биыл қалада мектепті 14 876 түлек бітіріп, оның 474-і «Алтын белгі» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің Телеграм каналына сілтеме жасап.
Конкурс кезінде үміткерлер грантқа бірдей ұпай жинаса, онда басымдық ерекшелік иесіне беріледі.
«Алтын белгі» жоғары наградасын әрбір түлекке Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева, сегіз аудан әкімі және білім беру саласының ардагерлері табыстады. Салтанатты жиын кезінде түлектердің шеруі өтті.
Бұған қоса, биыл халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 7 алтын, 11 күміс және 23 қола медаль еншілеген мегаполис оқушылары аталды.
Дәстүр бойынша түлектер қоштасу вальсін биледі. Іс-шара қазақстандық эстрада әншілерінің концертімен аяқталды.