Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімдігі VII шақырылымдағы мәслихаттың кезектен тыс II сессиясы барысында қалалық қоғамдық көліктерде жеңіл жолақыны пайдалана алатын адамдар санатын кеңейту туралы бастаманы ұсынды.
Депутаттар оның оң шешім екенін атап өтіп, бірауыздан қолдады.
Қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру құқығы бұрыннан бар 9 санаттан өзге келесі 3 санатқа жататын қалалықтарға да берілетін болады, олар:
- басқа мемлекеттердің аумағында әскери іс-қиымлдарға қатысқан ардагерлер;
- «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған көпбалалы аналар;
- он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды жетектеп жүретін тұлғалар.
Бүгінгі күні Алматыда 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды алып жүрушілер – 1161 адам (осы санаттағы тұлғаларға 50% жеңілдік) және «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар – 4 663 адам (тегін жол жүру).