Алматыда Almaty Cyber Games Students League турнирі өтті

Бөлісу:
Алматыда Almaty Cyber Games Students League турнирі өтті
Фото: Студенттік киберспорт жөніндегі Ұлттық қауымдастық

Алматы қаласында Almaty Cyber Games Students League киберспортының финалы ұйымдастырылды. Өзара кіл мықтыларды анықтаған жарыс тартысы өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жарысқа үш деңгей бойынша 12 студенттік команда қатысты. Жеңімпаздарға ақшалай сыйақылар үлестірілді. Жүлде қоры 3 млн теңге. Сондай-ақ, ұйымдастырушылардың шешімімен жүлдегерлер Almaty Cyber Games International жазғы халықаралық турниріне шақыру алады.

Қазірге дейін киберспорт федерациясы 141 отандық және халықаралық дәрежедегі жарыстарды ұйымдастырса, ұйым сайтына 7900 жуық команда тіркелген. Бұл сан күннен-күнге артып отыр.

Біздің спортшыларымыз халықаралық аренада өнер көрсетіп, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Бұл отандық киберспорттың дұрыс бағытта дамуының көрсеткіші деп ойлаймын. Жасөспірімдер мен балаларды кәсіби киберспортқа баулу да жақсы қарқынмен жүріп жатыр, – деді студенттік киберспорт жөніндегі ұлттық қауымдастық президенті Асқар Нұрпейісов.

Жарыста 4 команда іріктелген. Олар «КС», «Дота» ойындарын ойнап бақтарын сынаған.

Киберспорт ойындары 2024 жылдан бастап жазғы Олимпиада ойындарының тізіміне кіруі мүмкін. Осыншалық дәрежеге көтерілген спорт түрінің елімізде дамып жатқанына қуаныштымыз. Киберспортқа қызығушылық танытатын жастардың үлесі көп. Олардың бір қатары бүгін жарысқа қатысып жатыр, – дейді Данияр Есеналі.

Өзгелердің жаңалығы