Алматыда «Almaty Cup» халықаралық турнирі өтеді

12 Қыркүйек 2023, 17:24
577
Бөлісу:
Алматыда «Almaty Cup» халықаралық турнирі өтеді
Фото: автордан Астана қаласы коммуникациялар қызметі

Жарысқа әлемнің 15-17 елінен ең мықты командалар қатысады. Елімізге 1500-ге жуық спортшы, жаттықтырушы, төреші келеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі.

Бұл туралы Астана қаласы коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Қазақстанның эстетикалық топтық гимнастика федерациясы» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Әйгерім Арпабаева мәлімдеді.

Алматыда 22-24 қараша аралығында Төрт құрлық чемпионаты және «Almaty Cup» халықаралық турнирі өтеді. Эстетикалық топтық гимнастикадан Әлем чемпионаты – жылына бір рет өтетін айтулы жарыс. Әлем чемпионаты алғаш рет Азияда өтейін деп жатыр. Бұл біздің елімізге көрсетілген үлкен құрмет. «Almaty Cup» халықаралық турниріне балалар командалары қатысады. Әлемнің 15-17 елінен ең мықты командалар қатысады деп жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ елімізге 1500-ге жуық спортшы, жаттықтырушы, төреші келеді, - дейді Әйгерім Арпабаева.

Алматыда «Almaty Cup» халықаралық турнирі өтеді

Еске сала кетейік, жарыста ұзақ және қысқа бағдарлама бойынша 50 медаль жиынтығы ойнатылмақ.

Өзгелердің жаңалығы