Алматыда алимент төлемеген адамды әкелік құқығынан айырды

28 Маусым 2019, 14:38
2832
Бөлісу:
Алматыда алимент төлемеген адамды әкелік құқығынан айырды

Алматы, BAQ.KZ . Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ата-аналық құқығынан айыру ісі қаралды. Бұл туралы аталған соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сотқа әйел бұрынғы күйеуінің 8 және 9 жасар балаларын тәрбиелеуге және материалдық көмек көрсетпей ата-аналық міндетін атқармай жүргендігі туралы арыз түсірген. Оның алимент бойынша борышы 2 млн 892 мың теңгені құраған және оны төлеуден жалтарған. 

«Сот отырысында арыз жазушы «С» бұрынғы күйеуінің ата-аналық құқығынан айыру ісіне қарсылық танытпады. Сот отырсында кәмелеттік жасқа толмағандарды қорғаншылық және қамқорлыққа алу ұйымының өкілі арызды қанағаттандыруды сұрады», - делінген хабарламада.

Сот ата-ана құқығынан айыру және шешімді күшіне енгізу талабын қанағаттандырды.
Өзгелердің жаңалығы