Алматыда әлеуметтік желіде елімізді танытып, ұлтық мұраны ұлықтағандар марапатталды

Бөлісу:
Алматыда әлеуметтік желіде елімізді танытып, ұлтық мұраны ұлықтағандар марапатталды
Фото: автордан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің туристік әлеуетін дамыту үшін TikTok платформасының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырған еді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жастардың сүйікті платформасына айналған әлеу желі 2024 жылды қорытындылап, осы жыл ішінде платформада өзін айқын көрсете білген және мазмұн жасаудағы бірегей көзқарасының арқасында ерекше көзге түскен креаторлардың есімдерін жариялады.

Көшедегі сауалнамалар, конкурстар және көңілді контент арқылы аудиторияны тартатын ойын-сауық шебері Бекес Мирас атанды. Әлеу желі арқылы оқушыларлың білімін арттырып жүрген мұғалімдер де жүлдеден құр қалмады. физика бойынша эксперименттермен қызықты бейнероликтер жасайтын Тараздағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушысы жүлдеге лайық деп танылды. Өз парақшасында Қазақстанның түкпір-түкпірінен таңғажайып пейзаждарды жинап, олардың аясында далада түрлі тағамдарды дайындайтын Анзор Гасаев үздіктердің қатарынн көрінді.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен "Қазақстандағы үздік фильм" және "Қазақ тіліндегі үздік фильм" атты екі номинацияда өздерінің қысқа фильмдерін ұсына алатын арнайы жергілікті конкурс қарастырылды. TikTok Қазақстандағы авторларына өз шеберліктерін көрсетіп, үшінші жыл қатарынан Канн кинофестивалі аясында өткізіліп отырған #TikTokShortFilm байқауына қатысуға мүмкіндік берді,- деді баспсөз қызметі.

Жүлделі орындардан #Кiтапток: кітапқұмарлар қауымдастығының жеңімазы да анықталды. Ол Айша Байділдаева есімді ару. Аиша оқу процесіне деген ерекше көзқарасымен және ASMR кітап форматымен ерекшеленді.

Ұлттық мәдениет, ұлттық мұраны насихаттайтын аккаунттарда қалыс қалмады. Туындыларын кілемдерге қазақи сарынмен салатын суретші Асель Сабыржанқызы үздік атанды.

Осы жылдың тамыз айынан қыркүйек айына дейін #ГидПоКазахстану жобасының кезекті кезеңі өтті, ол платформаны пайдаланушылар үшін ауқымды шығармашылық жарысқа айналды. Жоба барысында Қазақстан бойынша саяхат туралы 24 мыңнан астам бейнеролик жасалды. Сондай- ақ үшінші жыл қатарынан TikTok Қазақстан Республикасы Білім және ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен #Қазақстан мұғалімі байқауын өткізді. Бұл ұлттық жарысқа мектеп мұғалімдері, орта және жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты,- деді баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы