Алматыда әлеуметтік нысандарда жылу 7 қазаннан бастап қосылады

3 Қазан 2024, 09:28
399
Бөлісу:
Алматыда әлеуметтік нысандарда жылу 7 қазаннан бастап қосылады
Фото: Арман Мухатов -архив

Алматыда 7-11 қазан аралығында нысандарды орталықтандырылған жылытуға кезең-кезеңімен қосу басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әуелі жылу балабақшалар, мектептер және медициналық мекемелер сияқты әлеуметтік нысандарға беріледі. Маусымға дайындық деңгейі 99%.

Негізгі мәліметтер: 
* Алматы әкімінің тапсырмасымен қаланың алты ауданында 20 км жылу желісі жаңартылды. 
* Жүйедегі жүктемені теңестіру үшін 69 сорғы бекеті мен және 24 аккумуляторлық бак дайындалды. 
* Төтенше жағдай кезінде 16 жөндеу бригадасы мен 56 техника жұмылдырылады.

Егер бес күн қатарынан температура +8 градусқа дейін төмендесе, жылыту маусымы 15 қазанда басталады. Былтыр жылу 10 қазанда беріле бастаған. Жылу кезең-кезеңімен беріліп, алдымен әлеуметтік нысандар, кейін басқа ғимараттар қамтылады.

Өзгелердің жаңалығы