«Алатау Жарық Компаниясы» (АЖК) 20–24 шілде аралығына жоспарланған электр энергиясын уақытша ажырату кестесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Компанияның мәліметінше, жарық желілеріндегі жоспарлы жөндеу, жаңғырту және техникалық жұмыстарға байланысты Алматының бірнеше ауданында электр энергиясы уақытша өшіріледі.
20 шілде
Электр энергиясы Алатау, Алмалы, Әуезов, Наурызбай және Түрксіб аудандарындағы ондаған мекенжайда уақытша ажыратылады.
21 шілде
Жоспарлы жұмыстар Алатау, Әуезов және Наурызбай аудандарында жүргізіледі. Осыған байланысты аталған аудандардағы бірнеше көше мен тұрғын үйде жарық уақытша болмайды.
22 шілде
Жарық Алатау, Алмалы, Әуезов, Медеу, Наурызбай, Түрксіб және Бостандық аудандарындағы ондаған нысанда уақытша өшіріледі.
23 шілде
Жоспарлы ажыратулар Алатау, Алмалы, Әуезов, Медеу, Наурызбай, Түрксіб және Бостандық аудандарын қамтиды.
24 шілде
Электр желілеріндегі жөндеу жұмыстарына байланысты Алатау, Алмалы, Әуезов, Медеу, Наурызбай, Түрксіб және Бостандық аудандарындағы бірқатар мекенжайда жарық уақытша сөндіріледі.
АЖК мәліметінше, электр энергиясы негізінен 08:00–17:00 және 09:00–17:00 аралығында өшіріледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін электрмен жабдықтау қайта қалпына келтіріледі. Компания тұрғындарға уақытша қолайсыздықтар үшін түсіністік танытуды сұрады.