Алматыда қала әкімінің шыршасы өтті

24 Желтоқсан 2019, 15:42
4723
Бөлісу:
Алматыда қала әкімінің  шыршасы өтті

Алматы, BAQ.KZ.  Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен аз қамтылған отбасылар мен ата-ананың қарауынсыз қалған екі жүз бала үшін жаңа жылдық мереке ұйымдастырылды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Қала әкімінің шыршасына бірінші және тоғызыншы сынып оқушылары, оның ішінде жетім және мүмкіндігі шектеулі балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары шақырылды. Әр балаға сыйлықтар берілді.

6.jpg

Бүгін сендердің өз батырларың бар, шырша мерекесіне жаңа жылдық костюмдермен келдіңдер және міндетті түрде орындалуы тиіс ізгі ниеттеріңді ойладыңдар. Бастысы – жақсы оқу және білімге ұмтылу, терең білімнің арқасында ғана байтақ еліміздің лайықты азаматтары ретінде сүйікті қаламыздың дамуына өз үлестеріңді қосатын боласыңдар, - деді Бақытжан Сағынтаев.

5.jpg

Аяз ата, Ақшақар мен бірге Алдаркөсе, Тазша бала және "Мұзды Джек" мультфильміндегілер жаңа жылдық қойылымның кейіпкерлеріне айналды. Жаңа жылдық көрсетілімге "Сенім" вокалды-хор студиясы, "Непоседы", "Наз", "Аспан", "Еркеназ" би ұжымдары және "Diamond" шоу-балеті қатысты.

Өзгелердің жаңалығы