ҚР СІМ Алматы қаласындағы өкілдігі ғимаратында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев оңтүстік астанада аккредиттелген шет елдердің Бас консулдары мен консулдық мекемелерінің басшыларымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесу барысында консулдық-құқықтық мәселелер, құрметті консулдар институтының қызметі, сондай-ақ сауда-экономикалық және туристік бағыттағы ынтымақтастық жайлы талқыланды.
Шетелдік мекемелердің басшылары Ә. Бақаевты Республика күнімен құттықтап, кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.
Іс-шара қорытындысы бойынша осы сынды кездесулерді тұрақты негізде өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.