Алматыда академик Өмірбек Жолдасбековтің 90 жылдығына арналған симпозиум өтіп жатыр

1 Наурыз 2021, 14:21
3185
Бөлісу:
Алматыда академик Өмірбек Жолдасбековтің 90 жылдығына арналған симпозиум өтіп жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Қазақстандағы механизмдермен машиналар теориясы ғылыми мектебінің негізін қалаушы, академик Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтің туғанына 90 жыл толуына орай «Болашақ механикасы» атты Екінші Халықаралық Жолдасбеков симпозиумы басталды.

Наурыздың 1-5 аралығында өтетін симпозиумды БҒМ ҒК академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты және Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ және «НАЗ» ЖШС қолдауымен ұйымдастырып отыр. 

Симпозиумға қатысушылар алдымен ҚазҰУ қалашығындағы Өмірбек Жолдасбековтің ескерткішіне барып, гүл шоқтарын қойды. 

Симпозиумның жалпы отырысына Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Халықаралық инженерлік академиясының президенті, Социалистік Еңбек Ері Борис Гусев (Ресей), Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов және тағы басқалар қатысады.  

Симпозиум - теориялық механика, сұйықтық және газ механикасы, деформацияланған дене мен материалдар механикасы, машина және роботтар механикасы, есептеу механикасы сияқты заманауи даму үрдістерін талқылауға арналған алаң. Жас ғалымдардың құзыреттiлiгiн, академиялық ұтқырлықтарын арттыру арқылы машинатану және робототехника мәселелері, ғылыми байланыстарды кеңейту және жаңа технологиялар трансфертi мен зерттеу әдiстерi өзектiсі. Қатысушылардың Қазақстанда робототехника саласын дамытуға, сондай-ақ модельдер, технологиялар, әдістемелер әзірлеу тәжірибелері ғылыми әлеуеттің игілігі үшін пайдалануға ерекше назарын аударады, - делінген хабарламада.

академ.jpeg


Пікірталас алаңдарында қолданбалы механика, динамика, машиналар мен роботтардың беріктігі мен сенімділігі, машиналық және роботтандырылған жүйелердің ауытқуы, машиналық оқыту және роботтандырылған жүйелерді жобалау, жасанды интеллект және цифрлық технологиялар, жаңа материалдар мен наноконструкциялар механикасы, ақпараттық-ғарыштық технологиялар, инженерлік-технологиялық білім беру, студенттер ғылымының мәселелері мен перспективалары қаралатын болады. БҒМ ҒК «Академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы механика және  машинатану институты» ұйымдастырған жас ғалымдар мен студенттердің инновациялық жобалардың республикалық конкурсының қорытындысы шығарылады.

Симпозиум аясында, жаңа ғылымды қажет ететін өнімдер мен технологияларды әзірлейтін және құрастыратын кәсіпкерлердің қатысуымен жас ғалымдар мектебі өткізіледі. Оны  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және  К.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ ұйымдастырады.   

Симпозиумда АҚШ, Ресей, Франция, Жапония, Түркия, Иран, Ирак, Польша және тағы басқа 15 елден келген ғалымдардың қатысуымен 120-дан астам ғылыми баяндама жасалмақ.



Өзгелердің жаңалығы