Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы полциясымен бірлесіп, 2025 жылы мамырда Өскемен қаласының тұрғынын ұрлап өлтірген, күдікті топтың екі мүшесін ұстады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Аталған адамдар 2025 жылдың маусымынан іздеуде болған.
Оларға қатысты екі айға қамауға алу бұлтартпау шарасы тағайындалды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ іздестіріліп жатқан адамдарды қасақана жасырып жүрген Алматы қаласының тұрғынын қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі де шешілуде, – деп хабарлады ҰҚК.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда ер адам сүйіктісінің әкесін қатыгездікпен өлтірген болатын.