Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда адамдарды түнде тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Нұрқанат Атажан
22 Шілде 2025, 14:50
1050
Бөлісу:
 Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Алматыда түнгі уақытта азаматтарды тонаған қаскөйлер ұсталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Полиция мәліметінше, күдіктілер құрбандарына бұрыш баллондарын сеуіп, күш қолданған. Олар ұялы телефондар, қол сағаттары мен қолма-қол ақшаны жымқырған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, олардың кемінде үш қылмысқа қатысы бар, бұл деректер қаланың әртүрлі аудандарында тіркелген.

Жәбірленушілердің арыздарына жедел әрекет еттік. Аудандық бөлімшелермен бірлескен кәсіби жұмыс нәтижесінде қылмыстық топтың күдікті мүшелерін қысқа мерзім ішінде анықтап, ұстадық. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция Басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетников.

Әрбір дерек бойынша қылмыстық істер қозғалды. Ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленіп, заттай дәлелдеме ретінде іске тіркелді. Қазіргі таңда полицейлер күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтап, тиісті тергеу және жедел іс-шараларын жалғастырып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы