Алматыда адам ұрлауды ұйымдастырған азамат ұсталды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыр қылмыс 2017 жылдың сәуір айында жасалған. Сол кезде 1984 жылы туған азамат адам ұрлауды ұйымдастырған,&nbsp;деп хабарлайды Polisia.kz.&nbsp;</h4>

29 Наурыз 2021 2021, 23:22
АВТОР
 29 Наурыз 2021 2021, 23:22
29 Наурыз 2021 2021, 23:22
2130

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыр қылмыс 2017 жылдың сәуір айында жасалған. Сол кезде 1984 жылы туған азамат адам ұрлауды ұйымдастырған, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Тергеу мәліметтері бойынша екі адамның арасында жеке келіспеушіліктер негізінде жанжал болған. Олардың бірі қарсыласын ұрлау үшін сыбайластар тапқан. Олар жәбірленушіні кісендеп, көліктің жүк салғышына салып, Алматы облысындағы ауылдардың біріне апарған. Онда олар аталған адамды кепілге алып, туыстарынан төлем талап еткен. 

Оқиға барысында жәбірленуші дене жарақаттарын алған. Бір тәуліктен кейін біз сыбайластардың ізіне түстік. Үш күдікті ұсталды, кепілге алынған адам босатылды, оларға 125-баптың 2-бөлігіне (Адамды ұрлау) сәйкес айып тағылды және олар түрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды. Сол кезде қылмысты ұйымдастырған азамат бой тасалап үлгерді, оған қатысты мемлекетаралық және халықаралық іздеу жарияланды. Жақында ол ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оны қамауға алуға санкция берді, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Наверх