Алматыда 8 жаңа қала маңындағы маршрут іске қосылады

13 Қараша 2024, 23:39
243
Бөлісу:
Алматыда 8 жаңа қала маңындағы маршрут іске қосылады
Фото: gov.kz

Мегаполисті агломерациямен байланыстыратын көлік қатынасын жақсарту мақсатында Алматыда қала маңындағы жаңа маршруттар ашылып жатыр. Алматы қалалық мобилділік басқармасы Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай және Жамбыл ауданыдағы елді мекендерді қамтитын 8 жаңа маршрут ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осылайша, 13 қарашадан бастап тасымалдаушы «НұржасТранс» ЖШС №218, 238, 246, 248, 250, 255 маршруттарына қызмет көрсетуге кіріседі. «Төле би/Яссауи автобекеті – А.Тоқпанов ауылы» бағыты бойынша №218 маршрутта 5 автобус жүреді. Қозғалыс сағат 5:30-да басталып, сағат 23:00-де аяқталады.

«Төле би/Яссауи автобекеті – Көктөбе ауылы» бағыты бойынша №238 маршрутта 3 автобус жүреді. Қозғалыстың басталуы – сағат 5:30, аяқталуы – сағат 23:00. «Барлық базары – Кемертоған ауылы» бағыты бойынша №246 маршрутта 3 автобус жүреді. Қозғалыстың басталуы – сағат 5:30, аяқталуы – сағат 23:00. «Барлық базары – Шолаққарғалы ауылы» бағыты бойынша №248 маршрутта 2 автобус жүреді. Қозғалыстың басталуы – сағат 6:00, аяқталуы – сағат 22:00. «Мамыр-7 шағынауданы – Қырғауылды ауылы» бағыты бойынша №250 маршрутта 2 автобус жүреді. Қозғалыстың басталуы – сағат 5:30, аяқталуы – сағат 23:00.«Алматы-1 теміржол вокзалы – Жауғашты ауылы» бағыты бойынша №255 маршрутта 2 автобус жүреді. Қозғалыстың басталуы – сағат 5:30, аяқталуы – сағат 23:00.

Сонымен қатар, 11 қарашадан бастап «Жас Транс» ЖШС-не №241 және №242 маршруттары берілді.

«Жетісу базары – Қойшыбек ауылы» бағыты бойынша №241 маршрутта 3 автобус жүреді. Қозғалыстың басталуы – сағат 6:00, аяқталуы – сағат 22:00.

«Жетісу базары – Базаркелді ауылы» бағыты бойынша №242 маршрутта 3 автобус жүреді. Қозғалыстың басталуы – сағат 6:00, аяқталуы – сағат 22:00, - деп жазылған әкімдік мәліметінде.

Айта кету керек, жолаушылар мен жүкті автокөлікпен тасымалдау ережесіне сәйкес, аталған маршруттар байқау өткізілгенге дейін тасымалдаушыларға уақытша беріліп, сынақ режимінде жұмыс істейді. Соның нәтижесінде жолаушылардың легі мен тұрғындардың қажеттілігі ескеріліп, қозғалыс сызбаларына өзгеріс енгізіледі.

Айта кетейік, өткен жылдан бастап әкімдік 41 қала маңындағы маршрут ұйымдастырып, 600 автобус пен 100 троллейбус сатып алды. Биыл тағы 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электроавтобус сатып алынды.

Өзгелердің жаңалығы