Алматыда 7-сынып оқушысы қайтыс болды

Оқиға мектеп аумағынан тыс жерде болған.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 14:52
Бүгiн 2026, 14:52
88
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Алматыда жекеменшік мектепте оқитын 7-сынып оқушысы қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Оқу орнының мәліметінше, оқиға мектеп аумағынан тыс жерде болған. 

7-сынып оқушысының өліміне қатысты қайғылы жағдай оқу орнының аумағынан тыс жерде болды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр, – деп хабарлады мектептен.

Сондай-ақ, мектепте барлық қауіпсіздік шаралары сақталатыны және оқушыларға психологиялық қолдау көрсетілетіні айтылды.

Алматы қаласының полиция департаменті оқиғаны растады. 

Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда, деп хабарлады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда 8-сынып оқушысын жоғары сыныпта оқитын бала жарақаттағаны хабарланды. 
Наверх